Әлемнің ең мықты теннисшісі "Қайратпен" ойында "Црвена Звездаға" сәттілік тіледі
Сербиялық белгілі теннисші Новак Джокович Қазақстанға ұшқалы жатқан "Црвена Звезда" командасымен кездесіп, Чемпиондар лигасы іріктеуіндегі екінші раундтағы "Қайратпен" ойында сәттілік тіледі, деп хабарлайды KazFootball.kz.

"Әлемнің ең мықты теннисшісі Новак Джокович "Звездаға" Қазақстанға сәтті барып келуін тіледі және жақсы досы Деян Станковичпен (бас бапкер) кездесті", - делінген сербиялық клубтың хабарламасында.
"Қайрат" пен "Црвена Звезда" арасындағы бірінші матч бүгін, Алматыдағы Орталық стадионда өтеді. Басталуы 20:00-де.
Қазіргі таңда Джокович АТР рейтингінде көшбасшы екенін айта кетейік.
Жарнама