Франция құрамасының шабуылшысы Килиан Мбаппе париждік клубпен келісімшартын ұзартпайтын болды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
22 жастағы ойыншы 15 күндік демалыстың алдында бұл жайында команда басшылығына ескерткен. Әзірге шабуылшы ПСЖ сапында 2022 жылға дейін қалуы тиіс.
"Көк-қызылдар" әлемнің ең қымбат форвардын жазғы трансферлік маусымда сата алмаған жағдайда, Мбаппенің келесі жылы клубтан тегін кететін мүмкіндігі болады.
Еске салсақ, кезінде ПСЖ Килианды "Монакодан" 180 миллион еуроға сатып алған болатын. Бүгінгі таңда transfermarket сайты әлем чемпионын 160 миллион еуроға бағалап отыр.