Әлемнің ең қымбат клубы анықталды. Ол "Реал" емес

©Reuters

Forbes журналы әлемдегі ең қымбат футбол клубтарын тізбектеп шықты, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Бұл тізімде "Барселона" командасы бірінші орында. Каталониялық клубтың жалпы құны 4,76 миллиард долларға бағаланды. Екінші орында "Реал" (4,75 миллиард доллар) командасы тұр. Үздік үштікті мюнхэндік "Бавария" (4,21) түйіндеді. 

Алғашқы ондықта алты бірдей ағылшындық команда жайғасқан. Ал "Манчестер Сити" мен ПСЖ тізімдегі үздік бестікке кірмеді. 

Forbes нұсқасы бойынша әлемнің ең қымбат футбол клубтары: 

1. "Барселона" (Испания) - 4,76 миллиард доллар.
2. "Реал" (Испания) - 4,7.
3. "Бавария" (Германия) - 4,21.
4. "Манчестер Юнайтед" (Англия) - 4,2.
5. "Ливерпуль" (Англия) - 4,1.
6. "Манчестер Сити" (Англия) - 4.
7. "Челси" (Англия) - 3,2.
8. "Арсенал" (Англия) - 2,8.
9. ПСЖ (Франция) - 2,5.
10. "Тоттенхэм" (Англия) - 2,3.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport