Карьерасында ол "Чертаново" және "СКА-Хабаровск" командаларында өнер көрсеткен.
2015 жылы футболшы "Чертаново" клубымен Кәсіби футбол лигасында ойнап, 15 жасында сол кездегі Ресейдің ең жас футболшысы атанған. Сол жылы ол Ресейдің жасөспірімдер құрамасына шақыртылды.
2018 жылы Ресей премьер-лигасында өнер көрсете бастады. Ол жалға алу құқымен барған "СКА-Хабаровск" сапында "Уралға" қарсы ойнады.
"Чертаново" клубына оралған соң 2018/2019 маусымында 30 матчте ойнап, алты гол салды және үш ассист жасады.
2017 жылы британиялық беделді The Guardian басылымы Колесниченконы 2000 жылы туған ең мықты таланттар тізіміне кіргізді (үздік алпыстықта).