Футбол
28 қаңтар 12:39

Әлемдегі ең қымбат футболшы "Барселона" мен "Реал" арасынан таңдау жасады

©

«Манчестер Ситидің» норвегиялық шабуылшысы Эрлинг Холанд ағылшын грандынан кеткеннен кейін карьерасын жалғастырғысы келетін клубты атады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Эрлинг Холанд «Ситиден» кейінгі таңдауын жасады

The Touchline дерегінше, норвегиялық форвардтың өкілдері Холанд карьерасын жалғастыратын бір ғана нұсқаны  қарастырып отырғанын мәлімдеген - ол мадридтік «Реалға» ауысу. Айта кетерлігі, шабуылшы тіпті қаржылай тұрғыдан тиімді ұсыныстар түскен күннің өзінде басқа клубтарды қарастыруды жоспарламайды екен.

Бұған дейін испаниялық БАҚ Холандтың трансфері «Барселона» президенті Жоан Лапортаның басты арманы екенін жазған еді. Алайда норвегиялық футболшы бұл тақырыпта өз ұстанымын нақты білдіріп, «корольдік клубты» жүрек қалауымен таңдап отырғанын аңғартыпты.

Холандтың «Манчестер Ситидегі» жолы

Эрлинг Холанд 2022 жылдан бері «Манчестер Ситидің» намысын қорғап келеді. Сол кезде ағылшын клубы оның трансфері үшін дортмундтық «Боруссияға» 60 миллион еуро төлеген болатын. Алғашқы маусымының өзінде-ақ норвегиялық шабуылшы Англия премьер-лигасының бір маусымдағы рекордын жаңартып, 36 гол соқты.


Биылғы маусымда Холанд барлық турнирде 32 матчқа қатысып, 26 гол мен 4 нәтижелі пас авторы атанды. Бұл көрсеткіштер оның әлемдегі ең үздік шабуылшылардың бірі екенін тағы бір мәрте дәлелдейді.

Transfermarkt порталының мәліметінше, Эрлинг Холандтың қазіргі нарықтық құны 200 миллион еуроға бағаланып отыр. Дәл осындай сомаға «Барселонаның» вингері Ламин Ямаль мен «Реалдың» шабуылшысы Килиан Мбаппе де бағаланған. Осылайша, бұл үш футболшы бүгінде әлемдегі ең қымбат ойыншылар саналады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport