Brand Finance аналитикалық платформасы 2026 жылғы бренд құны бойынша әлемдегі ең қымбат футбол клубтарының жаңартылған рейтингін жариялады. Тізімде мадридтік "Реал" көш бастады, деп хабарлайды Vesti.kz.
"Реал" көшбасшылығын сақтап қалдыИспаниялық алпауыттың бренд құны 2,36 миллиард еуроға бағаланды. Екінші орында 1,94 миллиард еуромен каталониялық "Барселона" тұр. Үздік үштікті Чемпиондар лигасының қазіргі финалисі әрі Англия премьер-лигасының (АПЛ) қазіргі чемпионы лондондық "Арсенал" 1,51 миллиард еуромен түйіндеді.
Ең қымбат футбол клубтарының ТОП-10 рейтингі
"Реал" — 2,36 миллиард еуро
"Барселона" — 1,94 миллиард еуро
"Арсенал" — 1,51 миллиард еуро
"Бавария" — 1,49 миллиард еуро
"Пари Сен-Жермен" — 1,48 миллиард еуро
"Манчестер Сити" — 1,46 миллиард еуро
"Ливерпуль" — 1,45 миллиард еуро
"Манчестер Юнайтед" — 1,42 миллиард еуро
"Челси" — 941 миллион еуро
дортмундтық "Боруссиясы" — 654 миллион еуро
ПСЖ — бесінші орында
Соңғы екі маусымда Еуропаның басты клубтық турнирінде франциялық "Пари Сен-Жермен" жеңіске жетті. Алайда қазіргі Чемпиондар лигасының иегері рейтингте тек бесінші орынға жайғасты. Париждік клубтың бренд құны 1,48 миллиард еуроны құрайды.