Sportico порталы әлемдегі ең қымбат футбол клубтарының жаңартылған рейтингін жариялады, деп хабарлайды Vesti.kz.
Рейтингті құрастыру барысында клубтардың ашық қаржылық есептері, Deloitte зерттеулері (соның ішінде Football Money League), сондай-ақ сарапшылардың талдауы мен басылымның жеке есептеулері ескерілген.
Клубтардың табысы үш негізгі бағыт бойынша бағаланған: телехабар тарату құқықтары, коммерциялық қызмет және матч күнгі табыс (matchday).
Рейтинг көшін "Реал Мадрид" бастап тұр. "Корольдік клубтың құны 7,7 миллиард долларға бағаланған. Екінші орында – "Барселона". Үштікті "Манчестер Юнайтед" түйіндеп тұр.
Айта кетерлігі, ТОП-50 тізімінде ең көп клуб ұсынған лига — MLS (18 клуб). Алайда олардың ешқайсысы алғашқы ондыққа енбеген. Ал алғашқы ондыққа Англияның алты бірдей командасы енген.
2026 жылғы ең қымбат 10 футбол клубы:
"Реал Мадрид" — 7,7 млрд доллар
"Барселона" — 6,65 млрд доллар
"Манчестер Юнайтед" — 6,47 млрд доллар
"Бавария" — 5,78 млрд доллар
"Ливерпуль" — 5,74 млрд доллар
"Манчестер Сити" — 5,7 млрд доллар
"Арсенал" — 5,43 млрд доллар
"Пари Сен-Жермен" — 5 млрд доллар
"Челси" — 4 млрд доллар
"Тоттенхэм" — 3,5 млрд доллар
Осылайша "Реал Мадрид" қатарынан тағы да әлемдегі ең қымбат футбол клубы атанып отыр.