Жарнама

Футбол
Бүгін 14:24
 

Әлемдегі ең қымбат футбол клубтарының рейтингі жарияланды

  Пікірлер

blog.share

Әлемдегі ең қымбат футбол клубтарының рейтингі жарияланды ©sportico.com

Sportico порталы әлемдегі ең қымбат футбол клубтарының жаңартылған рейтингін жариялады, деп хабарлайды Vesti.kz

blog.share

Sportico порталы әлемдегі ең қымбат футбол клубтарының жаңартылған рейтингін жариялады, деп хабарлайды Vesti.kz

Рейтингті құрастыру барысында клубтардың ашық қаржылық есептері, Deloitte зерттеулері (соның ішінде Football Money League), сондай-ақ сарапшылардың талдауы мен басылымның жеке есептеулері ескерілген.

Клубтардың табысы үш негізгі бағыт бойынша бағаланған: телехабар тарату құқықтары, коммерциялық қызмет және матч күнгі табыс (matchday).

Рейтинг көшін "Реал Мадрид" бастап тұр. "Корольдік клубтың құны 7,7 миллиард долларға бағаланған. Екінші орында – "Барселона". Үштікті "Манчестер Юнайтед" түйіндеп тұр.

Айта кетерлігі, ТОП-50 тізімінде ең көп клуб ұсынған лига — MLS (18 клуб). Алайда олардың ешқайсысы алғашқы ондыққа енбеген. Ал алғашқы ондыққа Англияның алты бірдей командасы енген.

2026 жылғы ең қымбат 10 футбол клубы:

"Реал Мадрид" — 7,7 млрд доллар
"Барселона" — 6,65 млрд доллар
"Манчестер Юнайтед" — 6,47 млрд доллар
"Бавария" — 5,78 млрд доллар
"Ливерпуль" — 5,74 млрд доллар
"Манчестер Сити" — 5,7 млрд доллар
"Арсенал" — 5,43 млрд доллар
"Пари Сен-Жермен" — 5 млрд доллар
"Челси" — 4 млрд доллар
"Тоттенхэм" — 3,5 млрд доллар

Осылайша "Реал Мадрид" қатарынан тағы да әлемдегі ең қымбат футбол клубы атанып отыр.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!