Әлемдегі ең күшті футбол стадионы анықталды

©realmadrid.com

"Реал" футбол командасының аренасы "Сантьяго Бернабеу" әлемдегі ең үздік стадион болып шықты.

FourFourTwo құраған рейтингке 32 арена келесідей қағида бойынша іріктеліпті - эстетикалық тартымдылық, трибунадағы атмосфера және трихы. 

FourFourTwo тұжырымынша рейтингтің топ-10 тізімі:

1. "Сантьяго Бернабеу" ("Реал Мадрид");

2. "Маракана" ("Фламенго", "Флуминенсе", "Васко да Гама");

3. "Сигнал Идуна Парк" ("Боруссия» Дортмунд");

4. "Бомбонера" ("Бока Хуниорс");

5. "Сан-Сиро" ("Милан», «Интер");

6. "Камп Ноу" ("Барселона");

7. "Монументаль Антонио Веспусио Либерти" ("Ривер Плейт");

8. "Ацтека" ("Крус Асуль", "Америка");

9. "Тоттенхэм Хотспур Стэдиум" ("Тоттенхэм");

10. "Айброкс" ("Рейнджерс").

2019 жылы "Сантьяго Бернабеу" стадионында қайта жөндеу жұмыстары басталып, 2023 жылы аяқталды. Бұл жұмыстардың жалпы құны 525 миллион еуроны құрады. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport