Әлемдегі ең көп жалақы алатын футболшы белгілі болды

19 қыркүйек 2022 15:12
© ПСЖ ФК

ПСЖ футбол клубының шабуылшысы Килиан Мбаппе әлемдегі ең көп жалақы алатын ойыншы екені белгілі болды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі Sportico сайтына сілтей отырып.

Франциялық спортшы париждіктермен жасаған жаңа келісімшартының арқасында осындай атаққа ие болып отыр. Жаңа шарт бойынша ол 105 миллион доллар жалақы алады. Одан бөлек 20 миллион долларды Мбаппе демеушілік келісімшарттар арқылы табады.  

Екінші орында 113 миллион алатын "Манчестер Юнайтедтің" шабуылшысы Криштиану Роналду. Португалиялық клубпен келісімінен 53 миллион, ал демеушілік келісімдерден 60 миллион тауып отыр.

Үшінші ПСЖ-ның тағы бір ойыншысы Лионель Месси. Аргентиналық 110 миллион доллардай жалақы алады (62+48).

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport