Мадридтік "Реалдың" бас бапкері Карло Анчелотти команданың шабуылшысы Винисиус Жуниорға қатысты ойындағысын айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.
Бразилиялық футболшы Чемпиондар лигасы 1\8 финалындағы "Ливерпульмен" матчте екі гол салды және бір асссист жасады.
"Қазіргі таңда Винисиус Жуниор - әлемдегі ең қауіпті футболшы деген ойдамын. Ол матч немен бітетінін шешетін ойыншы", - деп береді маманның сөзін УЕФА-ның ресми сайты.
Еске салайық, "Ливерпуль" 14-минутта 2:0 есебімен алда болған, алайда "Реал" ойын барысын бұрып, 5:2 есебімен жеңіске жетті.
"Реал" мен "Ливерпуль" арасындағы қарымта матч 15 наурыз Мадридтегі "Сантьягу Бернабнеу" стадионында өтеді.