Әлемдегі ең жылдам футболшы анықталды

Килиан Мбаппе. Сурет: fifa.com
Франциялық Le Figaro басылымы әлемнің ең жылдам он футболшысының тізімін жасады.

Рейтинг басында "Пари Сен-Жермен" және Франция құрамасының шабуылшысы Килиан Мбаппе. 2019/20 маусымында 21 жастағы форвард сағатына 36 шақырым жылдамдық көрсеткен.

Екінші орында "Атлетик" шабуылшысы Инаки Уильямс (35,7). Үшінші "Арсенал" ойыншысы Пьер-Эмерик Обамеянг (35,5).

Ең жылдам он футболшының толық тізімі:

1. Килиан Мбаппе (ПСЖ) - сағатына 36 шақырым;
2. Иньяки Уильямс ("Атлетик") - 35,7;
3. Пьер-Эмерик Обамеянг ("Арсенал") - 35,5;
4. Карим Беллараби ("Байер") - 35,27;
5. Кайл Уокер ("Манчестер Сити") - 35,21;
6. Лерой Сане ("Манчестер Сити") - 35,04;
7. Мохамед Салах ("Ливерпуль") - 35,0;
8. Кингсли Коман ("Бавария") - 35,0;
9. Альваро Одриосола ("Бавария") - 34,99;
10. Начо Фернандес ("Реал") - 34,62.

Ал тарихтағы ең жылдам адам әлі де Усэйн Болт, 2009 жала ол сағатына 44 шақырым жылдамдықты көрсеткен.