1XBET - ставки на спорт |

Жарнама

Футбол
Бүгін 12:36
 

Әлемдегі ең бай клубтардың бірі Мессиге өмір бойғы келісімшарт ұсынбақ

  Пікірлер

blog.share

Әлемдегі ең бай клубтардың бірі Мессиге өмір бойғы келісімшарт ұсынбақ ©Depositphotos/thenews2.com

Сауд Арабиясының "Әл-Иттихад" футбол клубының президенті Анмар әл-Хайли Лионель Мессиді командаға қосуға дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Сауд Арабиясының "Әл-Иттихад" футбол клубының президенті Анмар әл-Хайли Лионель Мессиді командаға қосуға дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Аргентиналық футболшы 2025 жылдың күзінде "Интер Майамимен" келісімшартын 2028 жылдың соңына дейін ұзартқан, сондықтан оның ауысуы екіталай. Дегенмен, Сауд Арабиясында Месси үшін есік әрдайым ашық екені айтылды.

"Егер Месси "Әл-Иттихадқа" ауысуға дайын болса, мен оған өзі қалаған кез келген соманы алатындай келісімшарт ұсынамын. Кез келген мерзімге - тіпті өмір бойына. Мен үшін ақшаның маңызы жоқ - мен тек тарихтағы ең ұлы футболшы Мессиді қатарымызға қосуды қалаймын", - деп береді функционердің сөзін The Touchline.


Месси - "Барселонаның" түлегі, ол бұл клубта 2003 жылдан 2021 жылға дейін өнер көрсетті. Каталониялық клубтан кеткеннен кейін шабуылшы франциялық "Пари Сен-Жерменде" екі маусым ойнады. Ал 2023 жылдың жазынан бері Лео "Интер Майамидің" намысын қорғап келеді.

Айта кетейік, Сауд Арабиясы чемпионатында Мессидің бәсекелесі - португалиялық Криштиану Роналду да ойнайды. Ол "Әл-Наср" клубында өнер көрсетіп жүр.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!