Әлемде еңбақысы ең жоғары футболшылардың есімі аталды

Франциялық France Football баслымы өзінің сайтында 2019 жылы ең жоғары еңбекақы алған футболшылардың тізімін жасады.

Бірінші орында "Барселона" шабуылшысы Лионель Месси. Ол 131 миллион еуро алған. Екінші орында ""Ювентус" форварды Криштиану Роналду - 118 миллион. Ал үшінші ПСЖ шаубылшысы Неймар - 95 миллион еуро.

Төртінші және бесінші орындағы "Реал" форварды Гарет Бэйл мен "Барселона" шабулшысы Антуан Гризманн 38,7 және 38,5 миллион еуродан алған.

Ары қарайғы ондыққа кірген футболшылардың тізімі мынадай:

6. Эден Азар ("Реал") - 35 миллион еуро;
7. Андрес Иньеста ("Виссел Кобе") - 34,
8. Рахим Стерлинг ("Манчестер Сити") - 33,8;
9. Роберт Левандовски ("Бавария") - 29;
10. Килиан Мбаппе (ПСЖ) - 27.
Жаңалықтар