Әлемде ең қымбат көліктің бірін "Галатасарай" ойыншысы сатып алды

©"Галатасарай" ФК

"Галатасарай" футбол клубының аргентиналық шабуылшысы Мауро Икарди әлемдегі ең қымбат автокөліктің бірін сатып алды, деп хабарлайды Мassaget.kz порталы L'Equipe басылымына сілтеме жасап. 

Футболшы сатып алған ең қымбат көлік – Rolls Royce Boat Tail. Оны алу үшін 26 миллион еуро шығындаған. Әлемде бұл автокөліктің үшеуі ғана бар. Біреуі бағалы інжу тастарды сататын компания иесіне (есімі құпия сақталған) тиесілі болса, екіншісін атақты жұлдызды жұптар Jay-Z мен Beyonce тізгіндеп жүр. Үшіншісін Мауро Икарди сатып алды. 

Автокөлік 6,5 литрлі атмосфералық V-12 қозғалтқышымен жабдықталған. Салоны яхта іспетті жасалған. Артқы бөлігінде ас сақтау мен шарапқа арналған арнайы тоңазытқышы да бар.

2022/2023 жылғы маусымда Мауро Икарди "Галатасарай" сапында жалда ойнады. Осы жылдың маусым айында түркиялық команда ойыншыны ПСЖ командасынан толыққанды сатып алды. 

"Галатасарайға" дейін Икарди ПСЖ, "Сампдория" және "Интер" клубтарында ойнаған. Ал мансабын "Барселона" клубы академиясынан бастаған. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport