Әлемде ең жоғары. Килиан Мбаппенің жаңа клубтағы еңбекақысы айтылды

©365dm.com

ПСЖ шабуылшысы Килиан Мбаппе "Реал" сапына өтуге келісті, деп хабарлайды Sport24 германиялық Bild басылымына сілтеме жасап.

Франция құрамасының шабуылшысы мадридтік клубта жылына 50 миллион еуро алып, табысы ең жоғары футболшы атанбақ. 

Дереккөз ақапартынша, Мбаппе маусым айында аяқталатын ПСЖ-мен келісімшартты ұзартудан бас тартып қойған екен. Ол "Реалға" жазда еркін агент құқымен өтеді.

Transfermarkt мәліметінше, Мбаппе - әлемдегі ең қымбат футболшы. Оның трансферлік құны 160 миллион еуроға бағалануда.

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport