Футбол
Бүгін 10:14

Әлемде ең жоғары айлық алатын бапкер Англияда анықталды

©thepfsa.co.uk

Лондондық "Арсеналдың" бас бапкері Микель Артета клубпен жаңа келісімшартқа қол қойғаннан кейін әлемдегі айлығы ең жоғары футбол бапкеріне айналды, деп хабарлайды Vesti.kz сайты La Vanguardia басылымына сілтеме жасап.

Дереккөздің мәліметінше, енді испаниялық маман жылына шамамен 26 миллион еуро табыс көреді. Бұған дейін оның маусымдық еңбекақысы шамамен 17,3 миллион еуро болған. Осылайша, Артетаның табысы едәуір өсіп, ол бұл көрсеткіш бойынша әлемдік рейтингте бірінші орынға шықты.

Екінші орында Сауд Арабиясының "Әл-Хиләл" клубын жаттықтыратын Симоне Индзаги тұр. Оның жылдық табысы 25,7 миллион еуро. Үздік үштікті мадридтік "Атлетиконың" бас бапкері Диего Симеоне түйіндейді. Аргентиналық маман жылына 23,2 миллион еуро табады.

Артетаның "Арсеналмен" жаңа келісімшарты 2030 жылға дейін жарамды. Испаниялық маман лондондық клубты 2019 жылдың желтоқсанынан бері жаттықтырып келеді. Ал 2025/2026 жылғы маусымда ол команданы Англия чемпионы атандырды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport