Әлемде бірінші! Роналду жаңа рекордпен Гиннесс кітабына атын жазды

©fifa.com

Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду Еуро-2024 турниріне іріктеу аясындағы матчте Исландия қақапасына гол салды. Бұл футболшының ұлттық команда үшін өткізген екі жүзінші ойыны болды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Осы көрсеткіш арқасында Роналду Гиннесс рекордтар кітабына енді. Матч алдында оған құрама үшін 200 матч өткізген әлемдегі алғашқы футболшы деген сертификат табысталды. 

Роналду Португалия құрамасы үшін 2003 жылы ойнай бастады, содан бері ұлттық команда үшін 122 гол салып, 43 ассист жасапты.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport