Футбол
1 қаңтар 2022 14:59

Әлем чемпионы Польша құрамасын жаттықтыруы мүмкін

©Getty Images

Фабио Каннаваро Польша құрамасын жаттықтыруы мүмкін, деп жазады Vesti.kz тілшісі.

Қазіргі таңда Польша футбол одағында бұл мәселе талқыға түсіп жатыр. Тізімде 48 жастағы Италия сапында 2006 жылғы мундияальдың чемпионы Каннаваро да бар. Сонымен қатар, кандидаттардың арасында Дик Адвокат, Юрген Клинсманн, Авраам Грант, Адам Навалка, Чеслав Михневич және басқа жаттықтырушылар бар.

Еске салайық, бапкер ретінде ол сары құрлықта кеңінен танымал. Ол әр жылдары Әл-Ахли, Гуанчжоу, Әл-Наср, Тяньзцинь және Қытай құрамасының бас бапкері болды. 2019 жылы италиялық маман "Эвергранд" командасымен Қытай чемпионатын жеңді. Сонымен қатар, аспан асты елінде Суперкубокті иеленді.

Әлем чемпионатына тікелей жолдама ала алмаған поляктар енді өтпелі матчта Ресей құрамасымен кездеседі. Ол ойын 2022 жылдың 24 наурызында Мәскеуде өтеді. Басым түскен ұжым жартылай финалда Швеция мен Чехия жеңімпазымен өзара мықтыны анықтайды.

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport