Әлем чемпионы Поль Погба коронавируспен күресуге қаржы жинауда

Сурет: Football.ru
"Манчестер Юнайтед" пен Франция құрамасының футболшысы Поль Погба коронавируспен күреске қаражат жинап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ойыншының Instagram желісіндегі парақшасына сілтеме жасап.

Погба 27 мың фунт стерлинг (13 миллион теңгеден артық) жинауға ниетті екенін мәлімдеді. Мақсатына жетсе, футболшы бұл соманы екі еселеуге уәде берді.

"Ірі ауқымдағы бұл жағдайдың, әсіресе, кедей және осал балаларға әсері үлкен болуы мүмкін. Бірінші кезектегі міндетіміз - осы жаңа вирустың және онымен бірге жалған ақпараттың таралуын тоқтату. Мұндай сәттерде біз бірге болуымыз керек", - деп жазған ол.



"Мақсатымызға қол жеткізсек, аурудың одан әрі таралуын болдырмау үшін меддицина қызметкерлеріне 333 332 жұп бір реттік қолғап, 2 777 бетперде, 9 615 вентиляцияланатын көзілдірік жиынтығын сатып ала аламыз", – деп атап өтті Погба.