Әлем чемпионы және Чемпиондар лигасының жеңімпазы карьерасын аяқтайтынын мәлімдеді

Reuters©
"Саган Тосу" клубының испаниялық шабуылшысы Фернандо Торрес әлеуметтік желі арқылы карьерасын аяқтайтынын мәлімдеді, - деп хабарлайды "Чемпионат.com".

Футболшы "Атлетико", "Ливерпуль" және "Челси" сияқты командалардағы ойынымен танымал.

"18 тамаша жылдан кейін футболдағы карьерамды аяқтайтын кез келді", - деп жазыпты ол твиттерде.

Торрес "Саган Тосу" былтыр жаздан ойнап келеді. Биылғы маусымда 35 жастағы шаубылшы жапониялық Джей-лиганың жеті матчінде ойынады, бірақ, ешбірінде көзбе түспеді, қайта екі сары қағаз алды.

"Челси" сапында Торрес Чемпиондар лигасы, Еуропа лигасы мен Англия Кубогының жеңімпазы атанған. "Атлетикомен" бірге де Еуропа лигасын ұтқан. Испания құрамасы сапында форвард 2010 жылғы әлем чемпионатының алтынын алды және екі рет Еуропа чемпионатын ұтты (2008, 2012).