Футбол
24 тамыз 2021 12:49
 
Әлем чемпионы "Барселонадан" өз еркімен кетуден бас тартты

  Пікірлер

blog.share

Әлем чемпионы "Барселонадан" өз еркімен кетуден бас тартты ©football-fun.ru

Каталониялық "Барселона" команданың қорғаушысы Самуэль Юмтитиді тегін жіберуге дайын болған. Бірақ франциялық қорғаушы басқа клубтар жасаған бірде-бір ұсынысты қабылдамаған. Бұл туралы Marca газеті жазды. Футболшы командамен келісімшартты бұзғысы келмейді. 

Юмтити "Барселонадан" өз еркімен кеткісі келмейді. Клуб бұл футболшыны тегін жіберіп, 35 миллион еуро үнемдеп қалғысы келген. Қорғаушыны франциялық "Лион" мен португалиялық "Бенфика" өз қатарына алуға дайын болған. Бірақ Юмтити бұл ұсыныстардың барлығынан бас тартқан. 

27 жастағы футболшы "Барселонаға" 2016 жылы "Лионнан" ауысып келді. Ол өткен маусымда каталониялық клубта бар болғаны 13 кездесуге қатысты. Биыл әлі ойнаған жоқ. 

"Барселонамен" қорғаушы екі рет Испания чемпионатын, үш рет Испания Суперкубогін және екі рет Испания кубогін жеңген. Сондай-ақ ол 2018 жылы Франция құрамасымен әлем чемпионы атанған.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

Жарнама

Живи спортом!