Әлем чемпионы "Барселонадан" кетуден бас тартып отыр

Сурет: Soccernews.ru
"Барселона" қорғаушысы Самюэль Умтити каталондық клубтан кеткісі келмейді, - деп хабарлайды Diario Sport.

26 жастағы франциялық ойыншы басқа командалардың өтінішін қарастырып отырған жоқ. Футболшы өзіне көбірек сенім арта бастаған бапкер Кике Сетьене арқасында қайтадан негізгі ойыншы болғысы келеді. Умтити өзін осы қалада және осы командада жайлы сезінеді екен. Өйткені клбута франциялық ойыншылар жетерлік, сонымен қоса, клубтың мықты футболшылары оны сыйлайтын көрінеді. 

Мұның алдында "Барселона" франциялықты 70-тен 90 миллион еуро беруге дайын клубқа сатуға әзір екені хабарланған. Умтитидің "Барселонамен" келісімшарты 2023 жылдың жазына дейін жарамды, алайда, каталондықтар алдағы трансферлік кезеңде басқа қорғаушыны алғысы келеді. 

"Барселонаға" Умтити 2016 жылы франциялық "Лионнан" ауысып келген. Биылғы маусымда ол Испания чемпионатында 11 матчке қатысты. Футболшы Франция құрамасымен 2018 жылы әлем чемпионы атанған болатын.