Әлем чемпионы "алтын допқа" кімнің лайық екенін айтты

©ua-football

Италия құрамасының бұрынғы қорғаушысы Фабио Каннаваро "Алтын допты" қай ойыншылардың ұтуы мүмкін екендігін айтты, деп жазады Vesti.kz тілшісі.

"Месси Америка Кубогін ұтты. Алайда Бензема мен Левндовски де үздіктердің үздігі атануға лайық ойыншылар. Дәл қазір осы айтқан футболшылардың арасында айқын фаворит жоқ. Үшеуінің біреуі топ жарады деп ойлаймын", - дейді Каннаваро.

Еске салайық, Фабио Каннаваро Италия құрамасымен бірге 2006 жылы әлем чемпионы атанып, сол жылы "Алтын допты" иеленді.

France Football басылымы 2021 жылы алтын допқа үміткер ең үздік 30 футболшының тізімін жариялаған болатын.

Олардың арасында Николо Барелла ("Интер"), Карим Бензема ("Реал"), Леонардо Бонуччи ("Ювентус"), Кевин Де Брёйне ("Манчестер Сити"), Джорджо Кьеллини ("Ювентус"), Криштиану Роналду ("Манчестер Юнайтед"), Рубен Диаш ("Манчестер Сити"), Джанлуиджи Доннарумма ("ПСЖ"), Бруну Фернандеш ("Манчестер Юнайтед"), Фил Фоден ("Манчестер Сити"), Эрлинг Холанд ("Боруссия" Д), Жоржиньо ("Челси"), Гарри Кейн ("Тоттенхэм Хотспур"), Н’Голо Канте ("Челси"), Симон Кьер ("Милан"), Сесар Аспиликуэта ("Челси"), Роберт Левандовски ("Бавария"), Ромелу Лукаку ("Челси"), Рияд Марез ("Манчестер Сити"), Лаутаро Мартинес ("Интер"), Килиан Мбаппе ("ПСЖ"), Лионель Месси ("ПСЖ"), Лука Модрич ("Реал"), Жерар Морено ("Вильярреал"), Мэйсон Маунт ("Челси"), Неймар ("ПСЖ"), Педри ("Барселона"), Мохамед Салах ("Ливерпуль"), Рахим Стерлинг ("Манчестер Сити") және Луис Суарес ("Атлетико") бар.

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар