Футбол
15 маусым 17:53

Әлем чемпионатындағы Иран - Жаңа Зеландия матчіне трансляция

©instagram.com/iran_football_federation/

Ертең, 16 маусым таңертең футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатында Иран мен Жаңа Зеландия құрамалары кездесу өткізеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

G тобындағы матч АҚШ-тың Калифорния штатындағы Лос-Анджелес қаласында өтеді. Кездесу Қазақстан уақытымен сағат 06:00-де басталады.

Ойынның тікелей трансляциясы Qazsport телеарнасынан көрсетіледі. Сондай-ақ, жанкүйерлер матчты телеарнаның ресми сайты арқылы да тамашалай алады. Эфир сағат 05:50-де басталады.

Айта кетейік, осы топтағы тағы бір кездесуде Бельгия мен Мысыр құрамалары алаңға шығады. Бұл матч 15 маусымнан 16 маусымға қараған түні АҚШ-тың Сиэтл қаласында өтеді.

Алдағы ойын күнінде жалпы төрт матч жоспарланған.

Сонымен қатар, H тобының құрамалары - Испания – Кабо-Верде (Атланта), Сауд Арабиясы – Уругвай (Майами) әлем біріншілігіндегі алғашқы ойындарын өткізеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport