Әлем чемпионатында сенсация болған кездесуде рекорд тіркелді

©fifa.com

Аргентина мен Сауд Арабиясы арасында әлем чемпионатында өткен кездесуде рекорд тіркелді, деп жазады "Спорт-Экспресс" порталы. 

"Лусаил Иконик" стадионында өткен ойынға 88 012 жанкүйер келген. Бұл соңғы 28 жылда ең көп жанкүйер жиналған матч болды. 1994 жылы АҚШ-та өткен әлем чемпионатында Калифорния штаты, Пасадане қаласындағы "Роуз Боул" стадионында Бразилия мен Италия (0:0, пен 3:2) стадионында 94 194 жанкүйер жиналған екен. 

Қатардағы әлем чемпионатының ұйымдастыру комитеті таратқан ақпараты бойынша, "Лусаил" стадионына 88 966 жанкүйер сияды. 

Дегенмен Аргентина мен Сауд Арабиясы арасындағы кездесу барысында стадионда бос орындар болғаны байқалды. Сондықтанда стадионда 88 012 жанкүйер болды деген ақпарат күмәнді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport