Әлем чемпионатында ойнаған футболшы трансферіне "Қайрат" қанша төлегені белгілі болды

© instagram.com/jacek_goralski
Алматылық "Қайраттың" футболдан Польша құрамасының жартылай қорғаушысы Яцек Гуральскиді қаншаға сатып алғаны белгілі болды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

27 жастағы хавбектің "Қайратқа" ауысқаны ресми түрде 19 қаңтарда хабарланған. Гуральски алматылық клубпен үш жылға келісімшартқа отырған.

Transfermarkt порталының мәліметі бойынша, "Қайрат" ойыншы үшін миллион еуро төлеген. Қазір трансферлік нарықта футболшының құны - 3 миллион еуро.

Гуральскидің соңғы клубы болгариялық "Лудогорец" болған. Бұл клубта ол 2017 жылдан бері ойнады.

Ал Польша құрамасында Гуральски 2016 жылы қарашада дебютін өткізген. 2018 жылы жазда футболшы Ресейде өткен әлем чемпионатына қатысты. Ұлттық құрама сапында 13 матч өткізіп, бір гол соққан.
Жаңалықтар