| 1XBET - ставки на спорт |

Жарнама

Футбол
17 маусым 15:10
 

Әлем чемпионатында Холандқа 14 минут атын тарихқа жазуға жеткілікті болды

  Пікірлер

blog.share

Әлем чемпионатында Холандқа 14 минут атын тарихқа жазуға жеткілікті болды ©instagram.com/fifaworldcup/

Англияның "Манчестер Сити" клубының шабуылшысы Эрлинг Холанд футболдан әлем чемпионаттарындағы Норвегия құрамасының ең үздік бомбардирі атанды, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Англияның "Манчестер Сити" клубының шабуылшысы Эрлинг Холанд футболдан әлем чемпионаттарындағы Норвегия құрамасының ең үздік бомбардирі атанды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұл жетістікке ол ӘЧ-2026 топтық кезеңінің алғашқы турында Ирак құрамасына қарсы өткен кездесуде қол жеткізді.

Аталған матчта Норвегия 4:1 есебімен жеңіске жетті. Холанд әлем чемпионатындағы дебюттік ойынында дубль авторы атанып, 29 және 43-минуттарда мергендігімен көзге түсті.

Осылайша, норвегиялық шабуылшыға ұлттық құраманың әлем біріншіліктеріндегі ең үздік сұрмергені атану үшін небәрі 14 минут жеткілікті болды.

Қазір 25 жастағы Холандтың Норвегия құрамасы сапындағы көрсеткіші - 51 матчта 57 гол. Ол ұлттық команданың тарихындағы ең нәтижелі футболшы саналады.

Сонымен қатар, Холанд Норвегия құрамасының бұрынғы жартылай қорғаушысы Хьетиль Андре Рекдальдың рекордын қайталады. 1987-2000 жылдар аралығында ұлттық құрамада ойнаған Рекдаль әлем чемпионаттарында жеті матч өткізіп, екі гол соққан болатын (1994 және 1998 жылдары).

Айта кетейік, Эрлинг Холанд Норвегия мен Ирак арасындағы матчтың үздік ойыншысы деп танылды.


Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!