Әлем чемпионатында 24 минут қосқан төреші сынның астында қалды

©FIFA

Танымал ресейлік комментатор Георгий Черданцев әлем чемпионатында Англия мен Иран арасындағы кездесуде 24 минут қосқан төрешіні сынады, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Бұл кездесуді қазылық еткен бразилиялық Рафаэл Клаус бірінші тайға 14 минут, ал екінші таймға 10 минут уақыт қосты. 

"24 минут қосты. Бұл төреші телеарнада көрсетілім кестесі бар екенін біле ме? Не керегі бар еді", - деп жазды Черданцев телеграм-арнасында. 

Еске салайық, Англия мен Иран арасындағы кездесу 6:2 есебімен ағылшындардың пайдасына аяқталды.  

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: