Иордания құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатынан мерзімінен бұрын шығып қалды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Топтық кезеңнің екінші турында Алжирден 1:2 есебімен ұтылу иорданиялықтардың плей-оффқа шығу мүмкіндігін толық айырды.
Иордания құрамасы бұған дейін де ұпай жоғалтып алған болатын. Ал Алжирге қарсы матчтағы жеңіліс команданың турнирдегі тағдырына түпкілікті нүкте қойды.
Осыған дейін әлем чемпионатымен Тунис, Гаити және Түркия құрамалары да мерзімінен бұрын қоштасқан еді.
Топтық кезеңнің соңғы турында Иордания құрамасы Аргентинамен кездеседі. Матч 28 маусым күні өтеді. Алайда бұл ойын иорданиялықтар үшін турнирлік тұрғыдан ешқандай маңызға ие болмайды.
Айта кетейік, әлем чемпионаты-2026 АҚШ, Мексика және Канадада өтіп жатыр. Турнир 11 маусымда басталды, ал финалдық кездесу 19 шілдеге жоспарланған.
Әлемнің қазіргі чемпионы - Аргентина құрамасы. Лионель Скалони шәкірттері 2022 жылы Қатарда өткен мундиальдың финалында Францияны пенальтилер сериясында жеңіп, чемпиондық атақты жеңіп алған болатын.
Жарнама