Әлем чемпионатына іріктеудегі Қазақстан - Украина матчіне тікелей трансляция

Сурет: ҚФФ

1 сәуірге қараған түні футболдан Қазақстан құрамасы 2022 жылғы әлем чемпионатына іріктеу турнирі аясында Украинамен ойнайды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Кездесу Киевте өтеді, басталуы Қазақстан астанасының уақытымен 00:45. Qazsport арнасы ойынды тікелей көрсетеді. Трансляция телеарнаның ресми сайтында қолжетімді. 

Талғат Байсуфинов жаттықтыратын команда осыған дейін Франциядан ұтылды (0:2), ал Украина олармен тең түскен (1:1). 

Қазақстандық команда үшін жарақат салдарынан - мәскеулік ЦСКА клубындағы Бахтиер Зайнутдинов және волгоградтық "Ротордағы" Дмитрий Шомко ойнай алмайды.