Әлем чемпионатына іріктеудегі Қазақстан - Босния және Герцеговина матчі сенсациямен аяқталды

©ҚФФ

Футболдан Қазақстан 2022 жылғы әлем чемионатына іріктеу турнирі аясында Босния және Герцеговинамен тең ойнады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Зеницада өткен кездесу 2:2 есебімен аяқталды.

62-ші минутта есепті Исламбек Қуат ашты. 12 минуттан кейін босниялықтар есепті теңестірді - Миралем Пьянич пенальтиді сәтті орындады. Негізгі уақттың аяқталуына төрт минут қалғанда алаң иелері алға шықты - Пьяничтің пасын Лука Менало баспен қақпаға дәл бағыттады.

Дегенмен Талғат Байсуфинов жаттықтыратын команда қарап қалмады. Қосымша уақыттың бесінші минутында Бахтиер Зайнутдинов айып алаңынан тура тепкен добымен есепті теңестірді.

Осы ойыннан кейін Қазақстан үш ұпаймен D тобында соңғы орында қалды. Босниялықтар да үш балл жинады, дегенмен, қосымша көрсеткіштер бойынша Қазақстан командасының алдында тұр.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар