Футбол
6 қыркүйек 2021 11:12
 

Әлем чемпионатына іріктеудегі Бразилия мен Аргентина ойынында үлкен жанжал туды

  Пікірлер

blog.share

Әлем чемпионатына іріктеудегі Бразилия мен Аргентина ойынында үлкен жанжал туды ©AFP

2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі Бразилия мен Аргентина матчі бұрын-соңды болмаған жанжалға айналды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Чемпионат" сайтына сілтеме жасап. 

blog.share

2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі Бразилия мен Аргентина матчі бұрын-соңды болмаған жанжалға айналды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Чемпионат" сайтына сілтеме жасап. 

Кездесу жексенбіде Сан-Паулуда өтті. Алғашқы ысқырықтан бірнеше минут өткен соң алаңға полицейлер шығып, матч тоқтатылды. Аргентина футболшылары алаңнан толық құраммен кетіп қалды.

Полиция мен миграциялық қызметкерлер Англия Премьер-лигасында ойнайтын аргентиналық төрт ойыншыны коронавирус ережелерін бұзғаны үшін депортациялау үшін алаңға шыққан - Эмилиано Мартинес, Эмилиано Буэндиа, Ло Чельсо мен Кристиан Ромеро Бразилияға кіріп, 10 күндік карантинді сақтамаған.

Бразилия санитариялық бақылау агенттігі (Anvisa) кейінгі 14 күнде Ұлыбритания, Оңтүстік Африка, Солтүстік Ирландия немесе Үндістан арқылы саяхат жасаған шетелдік адамдарға Бразилияға кіруге тыйым салынғанын, спортшылар оны орындамағанын растады.

Кейін Оңтүстік Америка футбол конфедерациясы (КОНМЕБОЛ) Twitter-дегі ресми парақшасында мәлімдеме жариялады, онда төреші шешімімен матч тоқтатылатыны, ал төреші мен матч комиссары ФИФА-ның тәртіптік комитетіне есеп беретіні, матч тағдыры сонда шешілетіні жазылған.

Бұл оқиғадан кейін Аргентина капитаны Лионель Месси Бразилия тарапына жүгінді. Шабуылшы Anvisa өкілдерінің әрекетіне ашуланды.

"Бұл масқараға қазір бүкіл әлем қарап отыр", - деді Месси.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!