Франция лигасы мен клубтары матчтан оралғанда бес күн, не одан ұзақ карантинде жатпауы үшін футболшыларды Еуропа Одағы мен Еуропалық экономикалық аймақтан тыс өтетін ойындарға жібермейтін болды, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Осыған байланысты франциялық командалардың барлық ойыншысы, соның ішінде ПСЖ-дан Килиан Мбаппе 28 наурызда Нұр-Сұлтан қаласында өтетін 2022 жылғы әлем чемпионатына іріктеу аясында Қазақстанға келмейді.
Айта кетейік, 31 наурызда қазақстандық команда Киевте украиналықтармен ойын өткізеді.