Әлем чемпионатына іріктеуде Германия 9 жауапсыз гол салды

©football24.ua

2022 жылғы әлем чемпионатына іріктеуде Германия құрамасы өз алаңында Лихтенштейнді ойсырата ұтты, деп хабарлайды Vesti.kz

Вольфсбург (Германия) қаласында өткен кездесу 9:0 есебімен аяқталды.

Қақпаға кірген екі доп - автогол. Даниэль Кауфман мен Макс Гопель 20 және 89-минутта қателесті.

Ал Германия құрамасынан Илкай Гюндоган ('11), Лерой Зане ('22, '49), Томас Мюллер ('76, '86), Ридле Баку ('80) голмен көзге түсті. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар