Финляндия футбол қауымдастығы 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу матчында жанкүйердің қайтыс болған, деп жазады Vesti.kz.
Қайғылы оқиға салдарына ойын тоқтатылды
Оқиға 10 маусым күні Хельсинкиде, Финляндия мен Польша құрамалары арасындағы ойын кезінде болды. Бұл матчта алаң иелері 2:1 есебімен жеңіске жеткен болатын.
Кездесу барысында трибунада отырған көрермендердің бірі өзін кенеттен жайсыз сезіне бастаған. Дәрігерлер дереу көмекке келіп, алғашқы медициналық көмек көрсетіп, жанкүйерді ауруханаға жеткізді. Алайда дәрігерлердің жасаған барлық шараларына қарамастан, оны аман алып қалу мүмкін болмады.
"Полиция футболдан әлем чемпионатына іріктеу ойыны кезінде жанкүйер ұстамадан көз жұмғанын хабарлады. Финляндия құрамасы мен Фин футбол қауымдастығы марқұмның туыстарына көңіл айтады", – делінген федерацияның X әлеуметтік желісіндегі хабарламасында.
Оқиғаға байланысты матч уақытша тоқтатылды - бас төреші Жоау Пинейру командаларды киім ауыстыратын бөлмелерге жіберді. Кейінірек ойын қайта жалғасып, соңына дейін өтті.
Жарнама