Нигерия құрамасы 2022 жылғы әлем чемпионатына өтпелі матчте өз алаңында Ганамен тең түсті - 1:1. Екі ойын қорытындысы бойынша (біріншісі - 0:0) Гана турнирдің негізгі кезеңіне өтті, деп хабарлайды "Матч ТВ".
Ойын аяқталысымен жанкүйерлер стдионда тәртіпсіздік жасап, алаңға жүгіріп шықты да, бәрін қиратуға көшті.
Футболшылар шешінетін орынға кетіп үлгерген, ал полиция көзден жас ағызатын газ қолданды.
Нигерия құрамасы 2006 жылдан бері алғаш рет әлем біріншілігіне қатыса алмайды.