Әлем чемпионатына қатыспайтын үздік он футболшының тізімі жарияланды

©"Рома" ФК

Халықаралық Олимпиада комитетінің ресми сайты Катарда өтетін әлем чемпионатына қатыспайтын үздік 10 футболшының тізімін жариялады, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Тізімнің көшбасында "Манчестер Ситидің" норвегиялық шабуылшысы Эрлинг Холанд тұр. Үштіктің қатарында швециялық шабуылшы Златан Ибрагимович ("Милан") пен аргентиналық шабуылшы Пауло Дибала ("Рома") бар. 

Сонымен қатар, тізімде "Рома" мен Өзбекстан құрамасының шабуылшысы Элдор Шомуродов бар. 

Айта кетейік, әлем чемпионатына 20 қараша мен 18 желтоқсанда өтеді. 

ӘЧ қатыса алмайтын футболшылардың тізімі: 

1. Эрлинг Холанд (Норвегия, "Манчестер Сити")

2. Златан Ибрагимович (Швеция, "Милан")

3. Пауло Дибала (Аргентина, "Рома")

4. Мохамед Салах (Мысыр, "Ливерпуль")

5. Луис Диас (Колумбия, "Ливерпуль")

6. Виктор Осимхен (Нигерия, "Наполи")

7. Мартин Эдегор (Норвегия, "Арсенал").

8. Элдор Шомуродов (Өзбекстан, "Рома")

9. Рияд Махрез (Алжир, "Манчестер Сити")

10. Джанлуиджи Доннарумма (Италия, ПСЖ).

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport