Әлем чемпионатына жолдама алған азиялық команда белгілі болды

©ukrinform

Оңтүстік Корея құрамасы Катардағы әлем чемпионатына жолдама алды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Іріктеу турнирінің сегізінші турында кәрістер қонақта Сирия командасын 0:2 есебімен ұтты. Оңтүстік Корея сапында Ким Чжин Су (53 минут) және Квон Чхан Хун (71) гол соқты. А тобының басқа кездесуінде Ливан мен Ирак футболшылары 1:1 есебімен тең түсті. Сонымен қатар, мундиальға жолдама алып қойған ирандықтар БАӘ құрамасын 1:0 есебімен ұтты.

Осылайша, "Азия барыстары" өз тарихында оныншы рет әлем чемпионатының финалдық кезеңіне шығып отыр. Оңтүстік Кореяның мундиальда жеткен ең үлкен жетістігі 2002 жылы тіркелді. Оңтүстік Корея мен Жапония қабылдаған әлем біріншілігінде кәрістер төртінші орын иеленген еді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар