Әлем чемпионатына ең көп ойыншы жіберген клуб анықталды

©soccer.ru

"Бавария" клубы өзге командалармен салыстырғанда Катардағы әлем чемпионатына ең көп ойыншысын жіберді, деп жазады Vesti.kz тілшісі.

Мюнхендіктердің сапынан Катардағы футбол тойына 17 ойыншы аттанды.

Футболшылар 7 елдің намысын қорғайды: Камерун (Эрик Шупо-Мотинг), Канада (Альфонсо Дэвис), Хорватия (Йосип Станишич), Франция (Лукас Эрнандес, Дайо Юпамекано, Бенжамен Павар, Кингли Коман), Германия (Мануэль Нойер, Леон Горецка, Серж Гнабри, Лерой Зане, Джамал Мусиала, Йозуа Киммих, Томас Мюллер), Марокко (Нуссайр Мазрауи), Нидерланды (Маттейс де Лигт), Сенегал (Садио Мане).

Сонымен қатар, үздік бестікке "Манчестер Сити" мен "Барселона" еніп отыр. Бұл командалардан 16 футболшы өз құрамаларына шақырту алды. "Манчестер Юнайтедтен" 14 және "Реал" командасынан 13 ойыншы мундиальға барады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport