Әлем чемпионаты элиталы раундындағы футзалдан Қазақстан құрамасының екінші матчіне тіклей трансляция

© ҚФФ
Ақпанның үшінен төртіне қараған түні футзалдан Қазақстан құрамасы 2020 жылғы әлем чемпионаты іріктеуіндегі элиталы раундының екінші матчін өткізеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Кака жаттықтыратын команда Словения құрамасымен ойнайды. D тобындағы матч Чехияның Брно қаласында өтеді. Басталуы Қазақстан астанасының уақытымен 02:00. Ойынды Қазақстан футбол федерациясының YouTube арнасынан тікелей тамашалауға болады. 



Бірінші матчте қазақстандық футболшылар Румыниядан ұтылды - 1:3, ал словениялықтар осындай есеппен чехиялықтардан жеңілген болатын.

Ал 5 ақпанда Каканың командасы іріктеу кезеңін Чехия құрамысмен матчтен кейін аяқтайды, бұл ойынның басталуы 23:00. Топтағы жеңімпаз Әлем чемпионатына, ал екініш орын алған шешуші ойынға жолдама алады.

Еске салайық, негізгі раундта Қазақстан Албания (4:0), Голландия (5:0) және Румынияны (4:2) жеңіп, топта бірінші болған. 

2020 жылғы әлем чемпионаты 12 қыркүйек пен 4 қазан аралығы Литвада өтеді, жарысқа әлемнің 24 құрамасы қатысады.