Әлем чемпионаты 1/8 финал финалында қарсы ойнайтын тағы екі жұп команда белгілі

2 желтоқсан 2022 09:36
©Federico Gambarini / GLOBAL LOOK

Катарда өтіп жатқан футболдан әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне өткен тағы екі команда белгілі. Олар Жапония мен Испания болып отыр, деп хабарлайды Vesti.kz.

Жапондар сенсация жасап, Испанияны ұтты (2:1) да топта бірінші орынға шықты. Ал испаниялықтар болса, Коста-Риканы (4:2) ұтқан Германиядан қосымша көрсеткіш бойынша асып кетті. 

Енді 1/8 финалда Жапония F тобында екінші болған Хорватиямен ойнайды. Ал испаниялықтар F тобының үздігі болған Мароккомен матч өткізеді.

Жапония - Хорватия ойыны 5 желтоқсанда, ал Испания мен Марокко 6 желтоқсанда матч өткізеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport