Германия футбол одағы Мирослав Клозеге жастар командасын жаттықтыруға ұсыныс жасады, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі Kicker басылымына сілтеме жасап.
Экс-шабуылшы жауапты кейінірек беретінін мәлімдеп отыр. Осыған дейін ол Германияның негізгі құрамасында Ханс-Дитер Хекингтің көмекшісі болудан бас тартқан болатын.
Еске салайық, Мирослав Клозе 2002, 2006, 2010 және 2014 жылдары Германия сапында әлем чемпионаттарына қатысып, 24 ойында 16 гол соққан. Жалпы бундестим командасында 137 матчта 71 гол салған. Сонымен қатар, 2006 жылғы мундиальда қола жүлдегер атанса, 2014 жылы Бразилиядағы футбол тойында алтыннан алқа тағынды.