Алексей Шпилевский "Қайраттың" Чемпиондар лигасы бірінші раундындағы жеңісіне байланысты пікір білдірді

Сурет: "Қайрат" ФК

"Қайраттың" бұрынғы бас бапкері Алексей Шпилевский клубтың Чемпиондар лигасы іріктеуінің екінші раундына өткеніне қатысты пікір білдірді, деп жазады Vesti.kz.

Еске салайық, кеше алматылықтар өз алаңында "Маккабиді" 2:0 есебімен ұтып, екі матч қорытындысы бойынша келесі кезеңге өтті. 

"Браво, жігіттер", - деп жазыпты Шпилевский Instagram желісінде. 

Айта кетейік, белорус маманы екінші Бундеслигадағы "Эрцгебирге" клубын жаттықтыра бастады. Ал былтыр Шпилевскийдің жетекшілігімен "Қайрат" 16 жылдан кейін қайтадан ел чемпионы болған еді.