"Химки" командасының ойыншысы Александр Зуев Қазақстан футбол федерациясымен келіссөз жүргізіп жатыр. Бұл туралы Metaratings.ru хабарлады.
Қостанайда туып-өскен ол 2005 жылы Ресейге көшіп, кәсіпқой футболға ауысқан. Бұған дейін 2016 және 2021 жылдары екі тарап келіссөз жүргізіп, бір келісімге келе алмаған.
Александр Зуев мансабында мәскеулік "Спартак", "Крылья Советов", "Ростов" және "Рубин" командаларында ойнаған.