Бокстан аса ауыр салмақта әлем чемпионы Александр Усик кәсіпқой футболдағы алғашқы кездесуіне қатысты, деп хабарлайды Lenta.ru порталы.
35 жастағы Усик "Полесье" командасы сапында Украинаның бірінші лигасында алаңға шықты. Боксшы 77-минутта Филлип Будковсийді алмастырып, ойынға қосылды. Бұл матчта "Полесье" командасы "Вереске" (2:1) қарсы ойнады.
Айта кетейік, Усик футболға ауысатыны туралы ақпаратты қаңтар айының соңында хабарлаған еді. Ол Житимор қаласы командасы сапында ойнайтынын айтты.
Еске салайық, Александр аса ауыр салмақта WBO, IBF, IBO және WBA белбеулерінің иегері. Ол белбеулерін Энтони Джошуаға қарсы кездесуде иеленген еді.