Transfermarkt ақпараты бойынша, 28 жастағы жартылай қорғаушының бағасы жарты миллион еуроға қымбаттапты. Енді оның құны 1.5 миллион еуро болып тұр.
Айта кетейік, ол қазіргі командасына күзде ауысып, 2022 жылдың жазына дейін келісімшарт жасады. Оған дейін Меркель нидерландылық "Хераклес", аустриялық "Адмира Ваккер", германиялық "Бохум" және италиялық "Милан" секілді командаларда ойнаған.
Биылғы маусымда ол "Аль-Фейсали" командасы сапында 14 кездесу өткізді. Оның командасы қазір ішкі біріншілікте 16 команданың ішінде 14 орында келеді.