Футбол
16 наурыз 2022 16:00
 

Александр Меркель Қазақстан құрамасына қайта орала ма? Бас бапкер жауап берді

  Пікірлер

blog.share

Александр Меркель Қазақстан құрамасына қайта орала ма? Бас бапкер жауап берді ©ҚФФ

Түркиялық "Газиантеп" командасының жартылай қорғаушысы Александр Меркель Ұлттар лигасы тоғыспа кездесуінде құрамаға көмектесе алмайды. Бұл туралы Vesti.kz тілшісіне берген сұқбатында ұлттық құраманың бас бапкері Андрей Карпович айтты. 

blog.share

Түркиялық "Газиантеп" командасының жартылай қорғаушысы Александр Меркель Ұлттар лигасы тоғыспа кездесуінде құрамаға көмектесе алмайды. Бұл туралы Vesti.kz тілшісіне берген сұқбатында ұлттық құраманың бас бапкері Андрей Карпович айтты. 

- Қазақстан футбол федерациясының басшыларымен Александр Меркельдің мәселесін талқыладыңыздар ма? Ол құрамаға шақырту ала ма? 

- Мен бұл туралы футболшының өзімен сөйлестім. Меркель әзірге құрамаға келе алмайды. Оның әлі құжаттармен шешілмеген проблеммасы бар. Сондықтан біз оны шақыра алмаймыз. 

Еске салайық, Меркель 2015 жылдан бері Қазақстан құрамасына шақырту алып келді. Бұл уақыттың ішінде ол үш ресми кездесуге қатысты. Бірақ, 2019 жылы ҚФФ футболшының құжаттарымен қиындық туғанын мәлімдеді. Сол уақыттан бері жартылай қорғаушы құрамаға шақыртылмай келеді. 

30 жастағы Меркель Алматыда дүниеге келген. Бірақ жас кезінен Германияда тұрады. Ол карьерасында нидерландылық "Хераклес", аустриялық "Адмира Ваккер", германиялық "Бохум", швейцариялық "Грассхопперс", ағылшындық "Уотфорд", италиялық "Удинезе", "Дженоа" және "Милан" командаларында ойнаған. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!