Алекс Фергюсон "Манчестер Юнайтедке" қайта оралады

©ЕРА

"Манчестер Юнайтед" клубының экс-бас бапкері сэр Алекс Фергюсон ағылшын клубына қайта оралады, деп жазады Daily Mail.

Басылымның жазуынша, шотландиядық маман клубтың атқарушы директоры Ричард Арнольдтың кеңесшісі болады. Белгілі маманға команданың бұрынғы капитаны Брайан Робсон, клубтың экс-спорттық директоры Джон Мертоу және бұрын атқарушы директор қызметінде болған Дэвид Гилл көмектеседі.

Еске салайық, Фергюсон 1986-2013 жылдары "қызыл сойқандардың" бас бапкері міндетін атқарды. Ол Тұманды Альбиондағы ең жемісті футбол бапкері атанды. Алекс Фергюсонның тұсында "Манчестер Юнайтед" 13 рет Англия чемпионы атанды. Чемпиондар Лигасын екі рет иеленді.

1999 жылы ІІ Елизавета Фергюсонға рыцарь атағын берді.  

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар