Англиялық "Лестердің" жартылай қорғаушысы Деннис Прат Бельгия құрамасы сапындағы Қазақстанға қарсы ойынды есіне алды. Сонымен қоса, 26 жастағы футболшы Еуропа чемпионатының келесі жылға шегерілгенін неге қуана қарсы алғанын түсіндірді.
"Еуро құрамасында болатын едім деп нақты айта алмаймын. Бапкердің шешімін күту керек едім. Қазір "Лестермен" бірге ілгерлей аламын, осы жағынан Еуропа чемпионаты шегерілгені мен үшін жақсы жаңалық болды. Әрине, алдымен маусымды жақсы өткізіп, құрамада өнер көрсетуім керек.
Қазақстанмен матчте деңгейім жоғары және осындай үлкен командаға көмектесе алатынымды дәлелдедім. Алайда аласапыран күйде, екі ұдайы сезімде болдым, өйткені ол кезде әжем қайтыс болған еді",- деп береді ойыншының сөзін
Nieuwsblad.be.
Бельгиялық футболшы есіне алған кездесу 2019 жылы 13 қазан Нұр-Сұлтанда өткен. Жартылай қорғаушы 90 минут толықтай ойнап, Миша Батшуайиге (2:0) ассист жасады. Еуро-2020 іріктеуінде Бельгия I тобында 30 ұпаймен бірінші, ал Қазақстан он баллмен бесінші болған еді.